Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қар, боран, көктайғақ»: алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады

«Қар, боран, көктайғақ»: алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады
Сурет: sredneuralsk.midural.ru
Елімізде тұман түсіп, көктайғақ болады.

"Қазгидромет" синоптиктері 11, 12 және 13 қарашаға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алдағы үш тәулікте елімізде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің солтүстік бөлігінде боран соғып, 13 қарашада оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда жауын-шашын болжанады.

"Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады", – деп хабарлады синоптиктер.

Ауа температурасы қандай болады?

  • Қазақстанның батысында +8…+18°;
  • шығысында –5…+5°;
  • оңтүстігінде +10…+18°;
  • солтүстік-батысында +2…+13°-тан –5…+10° дейін төмендейді;
  • солтүстігінде +0…+5°-тан –2…–7° дейін төмендейді;
  • орталығында +0…+8°-тан –8…+3° дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығысында +5…+15°, таулы аймақтарда –0…–5°.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар