Қоғам
Алматыда ер адам 13 жасар қызға тиісіп, өзімен бірге алып кетпекші болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:24
- 20
Ер адам 13 жастағы қызға 300 мың теңге ұсынды.
Алматыда ер адам 13 жасар қызға тиіскен. Бұл туралы видео желіде тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл оқиға Алматыдағы №50 мектеп маңында болған. Ер адам қызға өзімен бірге таксиге мінуге шақырады. Қыз келіспеген соң 100 мың теңге беретінін айтқан. Одан кейін 300 000 теңгеге көтереді.
Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.
“Ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, - делінген полиция хабарламасында.


