Түркістан облысында 16 жастағы қызды зорлап, өлтіріп кеткен: сот жабық түрде өтеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 қараша, 2025
- 343
Түркістан облысының Төрткүл ауылында 16 жастағы қыздың зорлықпен қаза болуы фактісі бойынша сот процесі жабық түрде өтеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс үш бап бойынша қозғалған: «Кісі өлтіру», «Зорлау» және «Зорлықпен сексуалдық сипаттағы әрекеттер».
«Сот негізгі сот отырысын Қылмыстық процестік кодекстің 29-бабының 1-бөлігінің талаптарына сәйкес жабық режимде өткізуді қажет деп санады», – деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Заманбек Исмайыл.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың 6 маусымында түнгі уақытта болды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, қыз бала дүкеннен шығып, үйіне келе жатқанда жоғалып кеткен.
Отбасы мүшелері мен ауыл тұрғындары полициямен бірге оны түн бойы іздеген, бірақ таба алмаған. Таңертең полиция оның денесін жол бойындағы балабақшаның қоршауы жанынан тапқан.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қыз баланың мәйіті табылған күні полицейлер дүкеннің жанында жұмыс істейтін еңбек мигрантын ұстаған.
Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында әйелді көлік қағып өлтірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2026
Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 наурыз, 2026




