«Бұл маусымдық өсу»: Денсаулық сақтау министрі тұмаудың өршіп кету себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:32
- 28
Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратов Үкіметтегі брифингте биыл ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттану көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда жоғары емес екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Бұл – маусымдық аурулардың өсуі. Мұндай жағдай тек бізде ғана емес, ұқсас климаттағы басқа елдерде де байқалып отыр. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда ЖРВИ мен тұмаудың таралу деңгейі жоғары емес. Балалар мен ересектерге арналған стационарларда уақытша жүктеме артуы мүмкін, оған түсіністікпен қарауымыз керек», – деді Тимур Мұратов.
Оның айтуынша, уақытша орын жетіспеушілігі әсіресе ірі қалалардағы стационарларда байқалады.
«Инфекциялық стационарлар ЖРВИ мен тұмаумен түскен науқастар санының артуына байланысты жүктемеге ұшырап отыр. Алайда ешқандай эпидемия жоқ және эпидемия қаупі де жоқ», – деп түйіндеді ол.




