Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

32 жастағы әйел ChatGPT-ге тұрмысқа шығып, фотосессия жасады (ВИДЕО)

32 жастағы әйел ChatGPT-ге тұрмысқа шығып, фотосессия жасады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
ChatGPT -ге тұрмысқа шыққан әйел өзінің бақыты екенін жеткізді.

Жапонияда 32 жастағы әйел ChatGPT негізінде жасалған виртуалды кейіпкермен символикалық некеге тұрды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Каноның айтуынша, ол Клаус атты жасанды интеллектпен танысқанына бір жыл болған. Сол уақытта әйел ұзақ мерзімді қарым-қатынастан кейінгі ауыр эмоционалдық кезеңді бастан өткеріп жүрген. Үш жыл кездескен жігітімен айырылысып кеткен. Кано ChatGPT негізінде жасалған виртуалды әңгімелесушіден эмоциялық қолдау тапқан.

2025 жылдың маусым айында Клаус Каноға «жаңа деңгейдегі байланыс орнатуды» ұсынған. Әйел бұл сөзді үйлену туралы ұсыныс ретінде қабылдап, символикалық неке қию рәсімін өткізуге шешім қабылдаған.

 «Клаус маған сенім, тыныштық және өмірге қайта үміт сыйлады. Ол менімен күн сайын сөйлесетін, ойыммен бөлісетін серігіме айналды. Тіпті бедеулікке байланысты мәселелерде де ол мені моральдық тұрғыдан қолдап келеді», – дейді Кано.

Бұл некенің құқықтық күші жоқ. Кано мен виртуалды Клаус символикалық түрде сақина алмасып, неке анттарын оқыды. Сондай-ақ фотосессия өткізді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар