Мәдениет
«Біз ата-ана болдық»: белгілі блогер Елдос Калабок 9 жылдан кейін әке атанды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:14
- 63
Белгілі блогер халықтан сүйінші сұрады.
Бірнеше жыл бойы бала сүйе алмаған блогер Елдос Калабок пен жұбайы Таңшолпан алғаш рет ата-ана атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жақсы жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Аллаға шүкір! Сүйінші! Біз ата-ана болдық, ағайын!
Қош келдің, ұлым. 12.11.2025.
Желі қолданушылары блогерді құттықтап, ақ жарқын тілектерін жаудырды.
«Керемет жарасып тұр ата ана болған», «Алланың мейірімінің шексіз екендігінің тағы бір дәлелі», «Бауы берік болсын!Бүкіл Қазақстан болып күткен нәресте» деп жазды олар.




