Түрік әскери-транспорт ұшағы апатқа ұшырады: марқұмдардың тізімі жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2025
- 213
Түрік әскери-транспорт ұшағы C-130 кеше Грузияда апатқа ұшырап, салдарынан бортта болған 20 әскери қызметші қаза тапты. Түркия Қорғаныс министрлігі марқұмдардың тізімін жариялап, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Мәлімдеме X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған.
"Біздің әскери жолдастарымыз 2025 жылдың 11 қарашасында Әзербайжаннан елімізге бет алған C-130 әскери-транспорт ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапты", – делінген ведомство хабарламасында.
Түркия Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Әзербайжаннан елімізге бағыт алған C-130 әскери-транспорт ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады", – делінген ведомство мәлімдемесінде.
Грузия Ішкі істер министрлігі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, ұшақ апатқа дейін дабыл белгісін бермегенін айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери ұшақ апатына байланысты Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Azerbaycan’dan ülkemize gelmek üzere havalanan bir C130 askerî kargo uçağımız Gürcistan-Azerbaycan sınırında düşmüştür. Arama kurtarma çalışmalarına Azerbaycan ve Gürcistan makamları ile koordineli olarak başlanmıştır.
— T.C. Millî Savunma Bakanlığı (@tcsavunma) November 11, 2025
Kamuoyuna saygıyla duyurulur.#MillîSavunmaBakanlığı
Қазақстанға алдағы үш күнде - 20 градустық аяз болады
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда соңғы айларда дәрі-дәрмек арзандаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




