Қазақстанға алдағы үш күнде - 20 градустық аяз болады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:13
- 62
Қазгидромет синоптиктері 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Алдағы күндері елдің көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13 қараша күні шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжануда.
«Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, ал шығыс, солтүстік және орталық өңірлерде боранмен бірге жүретін жел күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», – делінген хабарламада.
Температуралық фонда қысқа мерзімді төмендеу күтіледі:
• еліміздің солтүстігінде түнде –5…–12°, күндіз 0…–6° аяз;
• солтүстік-батыста түнде –2…–10°, күндіз 0…–5° аяз;
• орталықта түнде –3…–13°, күндіз –6° аяздан +3° жылылыққа дейін;
• шығыста түнде –8…–20°, күндіз 0…–10° аяз.
Қалған өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгеріссіз қалады, деп хабарлады синоптиктер.



