Қоғам
Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген қыздың анасына айыппұл салынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2025
- 497
Бірнеше еркек зорлаған 16 жастағы қыздың анасы айыппұл төлейді.
Қызылордада 16 жастағы қызды сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу оқиғасына байланысты жәбірленушінің анасы әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Іс Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.
Сот хабарламасына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігінде көзделгендей, кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, білім беру және оның құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамағаны үшін анасына айыппұл салынды.
Сот анасына тағайындалған айыппұлды 30%-ға төмендетіп, 7 АЕК (27 524 теңге) көлемінде төлеуді міндеттеді. Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Алматыда қаланың Бас жоспарына қатысты экологиялық тыңдаулар өтеді
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026
Қоғам
Декреттік демалыста отырған алматылық ана лотереядан көлік ұтып алды
- авторkyn.kz
- 26 маусым, 2026




