"Қолы екі жерден сынған": Ақтөбеде 10-сынып оқушысы өзінен кіші баланы соққыға жыққан
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:50
- 99
Ақтөбеде мектепте жүрген 5-сынып оқушысының қолы екі жерден сынып, операция жасатты. Қазір қолындағы сым темірмен үйде білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.
Жағдай 6 қазан күні болды. Содан бері біраз уақыт өткенімен, баланың анасы енді ғана жан айқайын дүйім жұртқа жеткізіп отыр. Біреулер бұл істі сотқа жеткізбей жауып тастамақ болған. Ақжан Кәрімнің айтуынша, ұлын 10-сынып оқушысы спорт алаңында ұрып-соққан. Мектеп басшылығы бейнебақылау жазбасын көрсеткенімен, сапасы нашар. Ештеңе анық көрінбейді. Полиция өкілдері «кәмелетке толмағанға орташа ауыр жарақат келтіру» бабымен тергеп жатыр.
«6 қазан күні ойынға сұранады менен. Ойнап жүрген кзінде 10-сынып оқушыларының қыздары мен ұлдары полцяны босатуды сұрайды. Бұлар шықпай ойнай берген. Сөйтіп солардың біреуі келіп «Мен саған шық деген кезде неге шықпадың» деп итеріп жіберген. Баламның аяғынан бір мәрте денесінен бір рет тебеді. Сол жерде балам құлап қалады», - дейді Ақжан Кәрім.
Қазіргі кезде 10-сынып оқушысы сабаққа келіп жүр. Спортқа қатысатын бала екені белгілі болды.


