Қоғам
Ақмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деген ер адам ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:38
- 43
14 жастағы қыздың өліміне кінәлі деген адам ұсталды.
Ақмола облысында Целиноград ауданы Ынтымақ ауылында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ер адам жасырынбақ болған, алайда жедел түрде анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, ауыл тұрғыны пышақ жарақаттарынан көз жұмған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны айтылды. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.




