Павлодар облысында екі баласына алимент төлемеген әйел қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 қараша, 2025
- 516
Павлодар облысында балаларына алимент төлемей жүрген әйел қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
36 жастағы әйел екі кәмелетке толмаған баласына 2023 жылдан бері алимент төлемей келген.
«Мысалы, Железин ауданы полициясы 36 жастағы ауыл тұрғынын ұстады, ол өзінің екі кәмелетке толмаған баласына шамамен 3,5 миллион теңге мөлшерінде қарыз болып шықты. Тексеру барысында, ана 2023 жылғы шілдеден бастап алимент төлеу міндетін орындамағаны анықталды. Осы жылдың Павлодар облысы полицейлерінің қабылдаған шараларының нәтижесінде 362 алимент төлеуден жалтарушы тұлғаның арасынан 186 қасақана төлемеуші анықталды», – деп хабарлады Павлодар облысының ПД.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, алимент төлеуден жалтарған қарызгерлерге қатысты ең қатаң шаралар қолданылады. Заң нормалары орындалмағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Елдос Колобоктың ұлына қандай есім бергені белгілі болды
Ұқсас жаңалықтар
Мектептегі сабақтардан тау трассаларына дейін: Алматыдағы балалар үшін жаңа мүмкіндіктер
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2026
Атырауда бір отбасының жоғалуы: хакердің ісі сотқа жолданды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2026




