Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда доллардың бағасы 1,37 теңгеге қымбаттады

Қазақстанда доллардың бағасы 1,37 теңгеге қымбаттады
Сурет: afk.kz
Доллардың орташа бағасы белгілі болды.

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы 524,14 теңгені құрап, 1,37 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазақстан Ұлттық банкі белгілеген ресми доллар бағамы 17 қарашада 522,19 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа есеппен 524,03 теңге, сату – 525,86 теңге. Астанада долларды орта есеппен 522,5 теңгеге сатып алып, 529,48 теңгеге сатады. Шымкентте доллар сатып алу бағасы – 524,06 теңге, сату бағасы – 526,05 теңге.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар