"Тойға барған": Түркістан облысында өртенген бір әулеттің адамдары жайлы жаңа мәліметтер шықты
- автор kyn.kz
- 18 қараша, 2025
- 1.5k
Тойға жиналған: Жетісайдағы өрттен қаза тапқандар бір әулеттің мүшелері болып шықты
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Алғабас ауылындағы болған алапат өртке қатысты жаңа мәліметтер шықты.
Өрттен қаза тапқан марқұмдар бір әулеттің мүшелері. Олар көрші ауылдағы ағасының ұлының сүндет тойынан қайтып келе жатып, Алғабас ауылындағы бауырының үйіне түнеген.
Сол түнде 360 шарщы метрлік коттеджден өрт шығып, 12 адам қаза тапты. Өртенген үй иесінің отбасы түгел көз жұмған.
Ал үй қожайынының анасы мен ағасы, сондай-ақ ағасының қызы жансақтау бөлімінде жатыр.
Өрттен көз жұмған ең кішкентай бала 2024 жылы дүниеге келген.
Қаза тапқандардың арасында 2009, 2010, 2012, 2015, 2017, 2019, 2021, 2024 жылдары туған балалар болған.
Бұл қайғылы оқиға бойынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың отбасына көңіл айтты. Төтенше жағдайдың себеп салдарын анықтау үшін Үкіметтік коммиссия құрылды.
Ұқсас жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




