Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттай ма? Жұманғарин жауап берді
- автор kyn.kz
- Бүгін, 12:42
- 37
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының қалай өзгеретіні жайлы айтты.
Біз бұл бағытта тұрақты жұмыс істеп келеміз. Былтыр да жаңа жыл алдындағы кезең абыр-сабырсыз өтті. Биыл да сондай болады деп сенемін. Жаппай қымбаттау күтілмейді. Жаңа жылға жақындағанда әдеттегідей аздап баға қозғалысы болуы мүмкін, бірақ қатты өсу болмайды, – деді Жұманғарин Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Вице-премьер қазіргі инфляцияның негізгі себептері бұған дейін бірнеше рет айтылғанын еске салып, Үкімет пен Ұлттық банктің әзірлеген үш жылдық бағдарламасы осы факторларды жоюға бағытталғанын атап өтті. Сол арқылы 2026-2027 жылдары инфляциялық ахуалдың түзелетінін де тілге тиек етті.



