Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістан облысындағы 12 адамның өмірін қиған өрт: алдын ала себебі аталды

Түркістан облысындағы 12 адамның өмірін қиған өрт: алдын ала себебі аталды
Сурет: видеодан скриншот
12 адамның өмірін қиған өрттің алдын ала себебі айтылды.

Түркістан облысының Жетісай ауданында 12 адам қаза тапқан өрттің алдын ала себебі аталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Жасұлан Айнабеков Jibek Joly арнасына берген сұхбатында өртенген үйдің құрылысы жақында ғана аяқталғанын атап өтті. 

“Оқиға орнында облыстық төтенше жағдай департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өрт сынақ зертханасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі, электр жабдықтарын қосатын желілік фильтрдің ақауынан болуы мүмкін. Дегенмен өрт сынақ зертханасы сараптамасының қорытындысы әлі шыққан жоқ. Тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өрттің нақты неден шыққаны анықталып, қосымша ақпарат беріледі”, – деді Жасұлан Айнабеков.

Еске салсақ, 18 қараша күні таңертең Жетісай ауданындағы Алғабасы ауылында екі қабатты үй өртеніп, 12 адам қаза тапқан еді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар