Қоғам
Жетісайдағы өрттен зардап шеккен ер адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 қараша, 2025
- 142
Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 39 жастағы ер адам тікұшақпен Шымкентке жеткізілді.
«Казавиақұтқару» авиациялық қызметінің EC 145 тікұшақ экипажы Алғабас ауылында болған өрттен зардап шеккен 39 жастағы ер адамды Шымкентке жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Науқас гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді.
«Түркістан облыстық ауруханасы Шымкент қаласында орналасқандықтан, ал Жетісай ауданында шұғыл көмек көрсету үшін қажетті арнайы жабдық жеткіліксіз болғандықтан тасымалдау қажет болды», - деп түсіндірді ведомство.
Тікұшақ жерге қонған соң ер адам арнайы медициналық мамандардың бақылауына тапсырылды.




