Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Үш миллион теңге»: Астанада бес жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапқандарға сыйақы беріледі

«Үш миллион теңге»: Астанада бес жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапқандарға сыйақы беріледі
Сурет: ашық дереккөздерден
Астанада бес жыл бұрын жоғалып кеткен ер адамды тапқандарға үш миллион сыйақы беріледі.

2020 жылы жоғалып кеткен астаналық тұрғынның туыстары оның қайда екені туралы нақты ақпарат айтқан адамға үш миллион теңге сыйақы беруге дайын, - деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақпарат QANAT еріктілер қозғалысының Instagram-парақшасында жарияланды,

Армин Назар Ражұлы, 1996 жылы туған, 2020 жылдың 6 қазанында жоғалып кеткен. Шамамен 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Белгілері: бойы 186 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, арық денелі. Үстінде: сары жейде, сұр шалбар, сұр шұлық болған. Аяқ киімсіз шыққан.

Іздеушілердің айтуынша, жоғалған адам бағытын ажырата алмайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар