Қазақстанда барлық мектеп қашықтан оқуға көшірілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:37
- 22
Тұмаудың өршуіне байланысты еліміздегі барлық мектеп қашықтан оқуға көшірілуі мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазірдің өзінде 11 өңірде шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Ел көлемінде белгілі бір ұсыным беріледі. Кеше Үкімет отырысында бар өңірдің әкімдеріне бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысы жергілікті жерде осындай шешімді аумақтағы департаменттердің күшімен қабылдауға мүмкіндік беретіні жеткізілді», - дейді ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Бас санитар дәрігер мектептерді қашықтан оқытуға көшіруге мүмкіндік беретін қаулыға қол қойды. Қазір елімізде 220-ға жуық сынып онлайн форматқа ауысқан. Олардың басым бөлігі бастауыш сынып оқушылары. Вирустың өршуіне байланысты мұндай шектеу қазір Астанадағы мектептерде де енгізілуде. Қаулыға сай, егер бір сыныпта балалардың үштен бірі ауырса, оқушылар қашықтан оқуға жіберіледі. Вирустар көбіне күздің жылы күндерінде өршіп, тек тұрақты әрі ұзақ суық түскенде ғана бәсеңдейді дейді министр Ақмарал Әлназарова.



