Басты жаңалықтар
«Әйелін өлтіріп, кейін өзін асылып қалған»: Ақтөбеде жоғалып кеткен ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 қараша, 2025
- 2.1k
Артында бес бала қалды: ерлі-зайыптылардың денесі табылды.
Ақтөбеде ерлі-зайыптылар өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Orda.kz дереккөздерінің мәліметінше,олар алдыңғы күні із-түссіз жоғалып кеткен. Жергілікті еріктілер оларды іздеуге көмек сұраған.
Ерлі-зайыптылардың денесі қаладан тыс жерде табылды. Негізгі нұсқалардың бірі — ер адам әйелін өлтіріп, кейін өзін-өзі өлтірген болуы мүмкін.
«Әйел адамның денесінен зорлық белгілері табылды. Кейіннен оның күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр — аумақты қарап, айғақтар жинауда. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД.
Олардың артында бес бала қалды.




