Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Курсанны будырып жатқан видео тарады

Курсанны будырып жатқан видео тарады
Сурет: видеодан скриншот
Желіде курсантты буындырған видео тарап кетті.

Желіде курсантты буындырғандардың видеосы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Семейдегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының аумағында түсірілген. Әлеуметтік желілерде оқушылардың бірі сыныптасына қатысты орынсыз әрекет көрсеткен ескі видео таралып жатыр.

Видео 2023 жылы түсірілгені анықталды. Бұл жағдай сол уақытта мектеп педагогтары тарапынан дереу қаралып, қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Екі оқушы да 2025 жылы  оқуын аяқтады. Лицей әкімшілігі тәрбиеленушілердің өзара қарым-қатынасына үнемі бақылау жүргізілетінін және кез келген тәртіпке сай емес әрекеттердің бірден тоқтатылатынын атап өтеді», – дейді Абай облысының білім басқармасы. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар