Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жас әншісін соққыға жықты

Мұқасан Шахзадаев «Нұр-Мұқасан» тобының жас әншісін соққыға жықты
Сурет: фотоколлаж kyn.kz
Мұқасан шахзадаев жас әншіні соққы дықты деп айыпталды.

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлейменды топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаев ұрып-соқты. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде айтты.

Сөзінше, Мұқасан Шахзадаев жанындағы адамдармен келіп оны сабап кеткен.

«Алғашында келіскенде түсінген еді. Ертесі күні жанындағы күшіктерімен келді. Боқтап, боралаған соң шығып кеттім. Сөйтіп қақпадан шығып бара жатқанда артымнан келіп өзі ұра бастады. Жанындағы екеуі жабылды”, – дейді Ғалымжан Сүлеймен.

Сондай-ақ ол әншінің мас күйде болғанын айтады.

“Оны тіпті қамаған жоқ. Есік алдынан қол бұлғап “білгеніңді істе” деп шығарып салды. 102 мені алып кетті”, – деді өнер иесі.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар