Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болды

Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болды
Сурет: olympic.kz
Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайланды.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Италия астанасы Римде өткен World Boxing федерациясының Конгресінде ұйымның президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат  агенттігі.

Геннадий Головкиннің кандидатурасы бірауыздан мақұлданды. Себебі GGG World Boxing басшысы қызметіне ұсынылған жалғыз кандидат болған. Осылайша, Головкин халықаралық спорт федерациясын басқарған алғашқы қазақстандық атанды.

Отандық боксшының алдында ұйымға голландиялық Борис ван дер Ворстың басшылық етті. Ол бүгін өткен Конгресс кезінде лауазымынресми түрде босатты. Ворст федерацияны құрылған кезінен 2023 жылдан бастап басқарды.

Головкин жиында сөз сөйлеп, төрт негізгі бағытты атап өтті:

  • спортшылар бәрінен маңызды;
  • адалдық;
  • инновациялар;
  • қаржылық тұрақтылық пен даму.
  • Головкин World Boxing спортшылар мен олимпиядалық қоғамның сенімінен шығатын ұйым болу керектігін жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар