Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып артынша өзі секірген: әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып артынша өзі секірген: әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды
Сурет: видеодан скриншот
Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйелдің ісі сотта қаралды.

Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі секіріп кеткен әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол арнайы психиатриялық стационарда мәжбүрлі емдеуге жіберілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Павлодар облысындағы қылмыстық істерге арналған арнайы ауданаралық сотта әйелдің ісі жабық режимде қаралды. 

"Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлімі  "Кәмелетке толмаған адамның өлтіруі" және 24-бап 3-бөлімі, 99-бап 3-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамның өлтіруге оқталуы бойынша қаралды. Бірінші бап бойынша әйелге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, алайда Қазақстанда әйелдерге бұл жазаны қолданбайды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ол қылмыстық жауапкершіліктен толық босатылды.

"Қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған кезде айыпты емес екендігін ескере отырып, 99-бап 3-бөлігі, 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату. Арнайы түрдегі психиатриялық стационарда қатаң бақылаумен мәжбүрлі емдеуді тағайындау", – деді Павлодар облысының арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотының судьясы Жанна Нығыбаева.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар