Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаевтың ұлы қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:04
- 49
Қырғызстанда елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Қадырбек Атамбаев және экс-депутаттар қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, ұсталғандардың үстінен жаппай тәртіпсіздікке қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Соттың шешімімен қамауға алынғандар арасында "Социал-демократиялық" партиясының жетекшісі Темірлан Сұлтанбеков, оның жақтасы Қадырбек Атамбаев, экс-депутататтар Шайлообек Атазов, Кубанычбек Қадыров, "Социал-демократ" партиясының мүшесі Эрмек Ерматов, кәсіпкер Урмат Барықтабасов (Асқарбеков) бар.
Олар 2026 жылғы 17 қаңтарға дейін тергеу изоляторында қамауда отырады.
Кейінірек Қадырбек Атамбаев өзіне қатысты іс анағұрлым ауыр қылмыс санатына ауыстырылғанын хабарлады. Оған билікті күшпен құлатуға әрекеттенді деген айып тағылған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі Жогорку Кенеш сайлауынан кейін жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырмақ болды деген күдікпен деструктивті топ мүшелерінің ұсталғаны туралы хабарлаған еді.
Тергеу нұсқасына сәйкес, топтың құрамына саяси қайраткерлер, бұрынғы депутаттар, бұрынғы мемлекеттік қызметшілер және қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері кірген.




