Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жазира Байырбекова жылағанда жолдасының өзін қалай жұбатқанын айтып берді

Жазира Байырбекова жылағанда жолдасының өзін қалай жұбатқанын айтып берді
ашық дереккөз
Әнші отандық бағдарламалардың бірінде жолдасының өзіне қол көтергенін айтқан болатын
Танымал әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кезекті видеосын бөлісіп, жолдасының қиын сәттерде өзіне қалай қолдау көрсететіні туралы жазды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Халықтың ортасына түскенде xалық мені құшақтап, сүйіп, қолымнан алып, шын жүректерімен жылы лебіздерін айтып, қатты қошеметтеген күні үйге келіп көзіме жас алдым. Мені соншама xалық жақсы көретіндей мен не істедім? Аллам маған осындай бақ берді, мен оны бағалай алып жүрмін бе? Неге мен жалқаумын? Осы қошеметке лайық болу үшін тағы не істеуім керек? деген ойлар мені мазалады. «Әр нәрсені жүрегіңе қабылдай берме, жеңіл қара, аса салмақты болма, ертеңіңді ойлап уайымдай берме. Өз ісіңе мақтанышпен қара. Сен салт-дәстүрімізге үлес қосып, әріптес қыздарға (қыз ұзату, тұсау кесу әндерін бастап) жол көрсеттің. Олар саған алғыс айтып жүр. Қаншама сәбилер сенің әндеріңмен ұйықтайды. Қалай ештеңе істемедім дейсің» деп жұбатты мені Жанболат», - дейді әнші.
Жазира Байырбекова отандық бағдарламалардың бірінде жолдасының өзіне қол көтергені туралы айтып, көзіне жас алған еді. Артынша мұндай қол көтеруге ұласқан кикілжіңнің өмірінде бір-ақ рет болғанын айтып ақталған-ды. «Әр нәрсені терең ойлана берсең де қиын екен. Бұл жағынан әпкең Ләззаттан үлгі ал. Сондай көңілді жүр, жеңіл қабылда дейді. Туған әпкем Ләззат екеуміздің екі түрлі болғанымыздың да бір жақсылығы бар шығар. Бір-бірімізден үлгі алып жүреміз... Ләззат екеуміз сырғаларымызды жөндеп тұрған сәтіміз», - деп жазды әнші видеоның тұсына. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар