«Өзімдікі қашан болады?»: Жахан Отарғалиев алғаш рет үшінші әйелі мен оның балалары туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:29
- 25
Белгілі әзілкеш, актер Жахан Отарғалиев алғаш рет қазіргі отбасы туралы айтты, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол үшінші әйелінің балаларына өзін “әке” деп айтқызбауының себебін түсіндірді. Бұл туралы Revuenews-қа берген сұхбатында айтты.
“Өздерінің әкелері бола тұра, мені “әке” деп айтқызғаным дұрыс емес. Қанша жерден қиналсаң да, басыңа түсіп тұрғандықтан олай істеуге болмайды. Олардың өз әкесі бар. Сондықтан біз басынан-ақ танысқан кезде “Мен сіздерге көкемін, мен сіздердің қолдаушыңызбын, кез келген уақытта сіздерді қорғаймын, бірақ мен сіздерге көке боламын” дедім. Түсіндірдім. Оларды туған қызымдай жақсы көремін, қолдаймын, дегенмен жүректің түбінде “Өзімдікі қашан болады?” деген тұрады екен”, – деді ол
Айта кетсек, Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң, бір жарым жылдан кейін үшінші рет үйленді. Ол Астанадағы Бас мешітте некесін қиғаны туралы видео жариялаған болатын.




