Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Баламды көрпемен басып ұйықтатқан»: Семейде ата-ана балабақша тәрбиешісінің жазаға тартылуын талап етеді

«Баламды көрпемен басып ұйықтатқан»: Семейде ата-ана балабақша тәрбиешісінің жазаға тартылуын талап етеді
Сурет: видеодан скриншот
Семейде бес жасар ұлымды тәрбиеші жұлқылады деген ата-ана, оның жазалауын сұрайды.

Ерекше баланы үстінен көрпемен басып ұйықтатқан. Семейде бес жасар ұлымды балабақша тәрбиешісі қинады деген ата-ана, оның тиісті жазаға тартылуын талап етті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Түскі уақытта баламды ұйықтатып жатқан кезде болған оқиға. Басқа видео да бар. Баламды жұлқылап әкеліп отырғызған. Балам мына жерін ашып қарайды. Ауырып кеткен ғой. Тіпті балаға қарамайды да. Ол кісі үнемі баламды жұлқылап жүрген ғой. Мынау көрген видеоларым. Ал көрмеген видеоларым қаншама?!», - дейді анасы Арай Асқарқызы.

 Оқиға мемлекеттік балабақшалардың бірінде болған. Тәрбиешінің балаға жасаған әрекеті түсірілген видео желіде тарады. Оның бірінде 38 жастағы әйел ұлдың үстіне көрпе жауып, қос қолымен басып жатқан сәтін көруге болады. Бақылау камерасынан алынған жазба өзге ата-аналардың да жағасын ұстатты. Енді олар тәрбиешіні қызметінен аластатуды талап етуде. Ал шу шыққан балабақша басшылығы маманның он жыл тәжірибесі бар дейді. Дегенмен бұл оқиғадан кейін бала күтімі бойынша демалысқа кеткенін айтады. Сонымен қатар полиция тарапынан тергеу жүргізіліп жатқанын да жеткізді.

«Тергеу жүріп жатыр. Ал тәрбиеші жұмыстан шеттетілген. Ол декрет демалысында. Төрт баласы бар. Ал балабақшадағы бақылау камералары тексеріліп отырады. Бұғанға дейін балаларды жұлқылаған әрекеттерін көрмедік», - дейді №9 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар