Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта көмектскен жолаушы белгілі журналист болып шықты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта көмектскен жолаушы белгілі журналист болып шықты
Сурет: видеодан скриншот
Белгілі журналист ұшақта өзіне көмектескен денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға алғысын айтты.

Ұшақта Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова денсаулығы сыр берген жолаушыға көмек көрсеткен болатын. Ол белгілі журналист Гүлмира Әбіқай болып шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналисттің өзі желідегі парақшасында жазып, жанашыр болған жандарға алғыс білдірді.

«Таң атпай әлеуметтік желіде мына ақпарат желдей есті: ұшақ ішінде денсаулығы күрт нашарлаған жолаушыға алғашқы болып медициналық көмек көрсетті. Қоғам пікірі екіге жарылыпты: бұл дайындалған сценарий, PR десе, келесі топ енді министрден бұрын дәрігер ғой, дұрыс жасаған дейді. Ал мен дәл осы рейсте, эконом-класста 17J орындa отырған жолаушы ретінде денсаулығым кенет сыр бергенде шын жанашыр болған барша жақсы жандарға алғыс айтқым келеді», - деп жазды Әбіқай.

Оқиға таңғы сағат алты шамасында болған. Журнлаисттің көзі қарауытып, құлап қала жаздаған.

«Таңертең отырғанда көзім қарауытты, қауіпсіздік белдігі болмаса, құлап кететін едім. Бәрі айналамда жиналып, министрге «өзіңнің дипломың бар ма?» дегендерді де естідім. Дер кезінде жанымнан табылған Ақмарал Әлназароваға алғыс айтқым келеді. Дәрісін берді, тыныштандырды. Бұл - пиар емес», - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар