Ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізген тележурналист Диля Ибрагимова қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол 48 жасында сырқаттан көз жұмды.
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі тележурналистің қазасына байланысты оның туған-туыстарына, жақындары мен әріптестеріне көңіл айтты.
“Диля Ибрагимова ұзақ жылдар бойы “Хабар” және КТК телеарналарында спорт жаңалықтарын жүргізді. Ол қазақстандық спорт журналистикасындағы ең танымал әрі сүйікті тұлғалардың бірі болды. Ол отандық журналистиканың дамуына үлкен үлес қосты. Кәсіби біліктілігі мен азаматтық ұстанымы арқылы жас ұрпаққа үлгі бола білген Диляның жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз”, — делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетсек, тамыз айының басында тележүргізуші сырқатқа шалдыққаны белгілі болды.



