Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Банкнот та, дүкен де қбылдамайды»: қазақстандық 1000 теңгелік жаңа банкнотқа шағымданды

«Банкнот та, дүкен де қбылдамайды»: қазақстандық 1000 теңгелік жаңа банкнотқа шағымданды
Сурет: forbes.kz
Желіде 1000 теңгелік жаңа банкнотты дүкен де, банкомат та қабылдамай қойғаны туралы ақпарат тарады.

Әлеуметтік желілерде 1000 теңгелік жаңа банкнотты банкомат қабылдамағаны туралы жазбасы тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы Threads-та жариялаған жазбасында 1000 теңгені дүкен де, белгілі банктің банкоматы да қабылдамағанын айтқан.

Бұл банкнот 2025 жылдың 9 мамырында Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай шығарылған. Наминалы 1000 теңгелік банкноттың тиражы - 5 миллион дана.

Бұған қатысты Ұлттық банк пікір білдірді.

"Банктер мен төлем ұйымдары жаңа банкноттарды қабылдау немесе беру үшін техникаларын бірнеше аптадан бірнеше айға дейін бейімдейді. Мәселе осыған байланысты болуы мүмкін. Бұл банкоматтың бағдарламасы мерейтойлық банкнотты қабылдауға әлі жаңартылмаған болуы мүмкін", - деді Ұлттық банк өкілдері.

 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар