ҚҚС-тың көтерілуі бағаға қазірдің өзінде ықпал етіп жатыр - Ұлттық банк
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 қараша, 2025
- 331
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылдан бастап қосылған құн салығының мөлшерлемесін көтеру қазірдің өзінде бағаға ықпал етіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, адамдар бағаны алдын ала көтеріп қойған.
"Теңге бағамына қатысты мәселелердің барлығы негізінен сыртқы факторларға байланысты. Яғни ҚҚС-тың өсуі бағаға әсер ететіні түсінікті. Егер ҚҚС туралы айтатын болсақ, қазірдің өзінде оның ықпалы сезіледі. Яғни адамдар бағаны алдын ала көтеріп қойған. Оның үстіне сұраныс та шексіз емес, халықтың нақты табысы төмендеген жағдайда бағаны үнемі көтере беруге болмайды. Бірақ, соған қарамастан, нақты 13% орнына 16% төлеуге тура келгенде, бағаның көтерілуі мүмкін екені түсінікті", - деді Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасы сондай-ақ, бұл фактор валюта бағамына емес, ішкі тауарларға қатысты екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Астанада «Мәдениет және инновация» республикалық форумы өтеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026
ҰБТ-дан 140 балл жинаған тараздық түлек екі бөлмелі пәтерге ие болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 мамыр, 2026




