Көлік алуға жеңілдіктер жүріп жатыр – министрлік себебін түсіндірді
- автор kyn.kz
- Бүгін, 15:09
- 23
Әлеуметтік желілерде Қазақстан автозауыттары көліктерге жеңілдіктер ұсынып жатқаны және жеңілдетілген несие беретіні туралы ақпарат кеңінен тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас? Журналистер Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтан сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісіне сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі.
Бұл алаяқтық емес, біз қолдайтын бизнес-процесс. Олар көп автокөлік шығарады, сондықтан жақсы жеңілдіктер ұсынып отыр. Жеңілдік шарттарын компаниялардың өздері белгілейді, – деді Нағаспаев.
Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағының президенті Қайрат Еламановтың айтуынша, мұндай акцияларға бағаны төмендету және автонесие берудің арнайы шарттары кіруі мүмкін, бірақ көбінесе олар биыл шығарылған көліктерді өткізуге бағытталады.
Акциялар бағаны төмендету түрінде де, жаңа қаржылық құралдар ұсыну арқылы да жасалуы мүмкін. Кейбір автосалондар белгілі бір брендтер бойынша жеңілдетілген автонесие акцияларын береді, бірақ бұл екінші деңгейлі банктер мен автожасаушылар арасындағы ішкі бағдарламалар, яғни олар пайыздық мөлшерлемені субсидиялайды. Жыл сайын қайталанатын бір нәрсе – жыл соңында акциялардың басталуы. Бұл сол жылы жиналған автокөліктерді келесі жылға өтпей тұрып сатуға арналған, – деді спикер.
Соңғы уақытта жалған ақпараттар жиі тарағандықтан, министрлік өкілдері азаматтарға шарттарды компаниялардың ресми өкілдерінен нақтылап алуды ұсынады.




