Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Эфирде айтылмаған нәрсе көп»: Гүлмира Әбіқай теледидардан кеткенде немен айналысатынын айтты

«Эфирде айтылмаған нәрсе көп»: Гүлмира Әбіқай теледидардан кеткенде немен айналысатынын айтты
Гүлмира Әбіқай теледидардан кеткенде не жұмыс істейтінімен бөлісті.

Танымал журналист Гүлмира Әбіқай теледидардан кетсе, не іспен айналысатынын айтты. Бұл туралы Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында әңгімеледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол өзіне кез келген уақытта айналысатын жұмыс табады.

«Ал енді бір күнде теледидар бір күнде жоқ болып кетіп, инстаграм өшіп қалса не істейміз? Кітап оқимыз. Мен тикток ашқанмын. Бірақ оны қабылдай алмадым. Ол жерде аннан мынадан қашқандар отырады ғой. Дәл қазір инстагрммен қоян қолтықпын. Ал эфир ол сенімді. Халықты сендіре алатын жас, сұлу, көркем, ажарлы адамның сөзі түзу болуы керек шығар деп ойлаймын. Бізде қазір 70-тен асқан апай бар ғой. Сол кісі ютуб-подкастын ашқан. Мен ойлаймын, миың болса айтылар нәрсе табылады. Мүмкін мен 60 жаста балаларыңызға бесік жырын айтатын апа болатын шығармын. 70-те біздің кезде деген вайбтарды көрсететін шығармын. Сексен жаста да бірнәрсе тауып алатын шығармын. Қызық көп менде. Эфирде айтылған айтылмаған нәрсе көп. Менің инстаграмыма хаттар келеді. Соны оқып отырып кітап жазғың келеді», - дейді журналист.

Сондай-ақ, Әбіқай қазіргі кезде кейіпкерлерінің өмірінен құралған «Зина» атты кітап жазып жатқанын айтты.

«Зина» деген кітабымды бастап қойдым. Ол сөздің мағынасы не екенін де білесіздер. Неге бұлар әкесі, анасының тағдырын көріп тұрып қайталайды? Неге қайталанады? Неге кедейлік, аштық, зорлық-зомбылық осыларға жабысып қалды? Және осындай бес кейіпкер бар. Олардың өмірі бір-біріне ұқсайды. Неге олар басқаша жасамады деген сұрақтар бар», - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар