«Бұл жаңалық мені таңғалдырды»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:50
- 32
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг-тестілеуден өте алмағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы The Ring басылымының инсайдері, DAZN тілшісі Майк Коппинджер хабарлады.
Бұған қатысты Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жасады. Ол 7 желтоқсанда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған, WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лараға қарсы маңызды жекпе-жекке шығуы керек болатын. Әзірге белгісіз қалды.
"Өздеріңіз білесіздер, мен әрқашан таза спортты қолдаймын. Бұл жаңалық мені таңғалдырды. VADA бірінші сынамадан өтіп, бәрі таза екенін айтқан. Мен ешқандай қоспаларымды өзгерткен жоқпын. Екінші сынамада не болғанын білмеймін, сондықтан қайта тексеруді сұраттым", – деді ол.




