Мәдениет
«Өмір сүріңіз өз жолыңызбен»: Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің әйеліне шүйлікті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:23
- 24
Индира Елемес марқұм композитордың әйеліне қатысты жазба жариялады.
Әнші Индира Елемес марқұм Арман Дүйсеновтің жарына ренжіп, өзіне бағытталған айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, оның КТК арнасына берген сұхбатындағы сөздері бұрмаланған. Бұл туралы Instagram желісіндегі сторисінде жазды.
«КТК арнасы неге қазбаламайсыздар? Менің аузымнан “студияда қайтыс болды” деген сөз шықпады. Олай бұрмалаудың қажеті жоқ. Егер керек болса, материалдарды КТК арнасынан көресіздер — бәрі қалай айтылғаны бар. Жетер енді, не үшін бұл жерде тұрды, күйеуіңіз туралы айтпадыңыз ба? Менің айтпаған сөзіме қайта-қайта жабысудың қажеті жоқ. Өмір сүріңіз өз жолыңызбен. Материалды фактімен алып, содан кейін ғана жариялаңыз!» — деп жазады әнші.




