Қоғам
Алматыда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: 23 жастағы фельдшер қаза тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:51
- 21
Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.
Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, 23 жастағы фельдшер қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрдан жедел жәрдем көлігі аударылып қалғанын көруге болады.
“Апат 3 желтоқсанда сағат 00:40-та Алматы қаласы Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Сайын көшесімен келе жатып, бұрылмақ болған. Сол сәтте Kia көлігімен соқтығысқан. Салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары жарақат алған. Ал 2002 жылы туған фельдшер бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмған”, – делінген хабарламада.
Полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеоға қатысты пікір білдірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2025




