Президент Қасым-Жомарт Тоқаев таеквондодан алғашқы алтынды жеңіп алған Бейбарыс Қабыланды құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2025
- 161
Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қабылан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
«Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді. Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды», - деп жазылған хабарламада.
Бейбарыс Қабыланды тарихи жеңісімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», – делінген құттықтауда.
Қазақстанның кейбір жерлерінде қар жауып, боран болады
Ұқсас жаңалықтар
Бибісара Асаубаева шахматтан үш дүркін әлем чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




