Басты жаңалықтар
Түркістан облысында 7 минуттық видеоны 100 миллионға сатып алған
- автор kyn.kz
- Бүгін, 13:49
- 1
Ең қызығы келісімшарт ешқандай конкурссыз, екі жақтың келісімімен жасалған.
Бейнероликте ел тарихының түрлі кезеңдері баяндалуы тиіс болған. Алайда жобаның құны жұрт назарын аударды. Орындаушы "G7 Exclusive" ЖШС бейнеролик өндірісін 100 миллион теңгеге бағалаған. Сонымен қатар келісімшарт конкурссыз, тікелей жасалған.
Бұл сатып алу төңірегінде сұрақтар туындатады. Оның үстіне Мемлекет басшысы бюджет қаражатын үнемдеу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы жағдай бойынша облыс әкімі Нұралхан Көшеров жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.
"Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аталған келісімшарттың жасалу жағдайларын, оның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуы мен бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын жан-жақты тексеруді тапсырды", - делінген Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.



