Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысындағы “Нарынқол“ шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты

Алматы облысындағы “Нарынқол“ шекара заставасында әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты
Инстаграм
Шекара қызметі марқұмдардың туыстарына қаржылай , психологиялық қолдау болатынын хабарлады.

Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағында болған өрт салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты, - деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2025 жылғы 6 желтоқсанда Алматы облысындағы "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде өрт шықты. Өрт ТЖД күштерімен сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарынан әскери қызметші мен оның баласы қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.

Шекара қызметі қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оларға қажет барлық көмек көрсетіліп жатыр.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар