Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«-30° дейін аяз»: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

«-30° дейін аяз»: 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Москва 24
Еліміздің кей аймақтарында бұрғасын қар жауып, көктайғақ болады.

«Қазгидромет» РМК 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Солтүстік және орталық өңірлерде қар, бұрқасын, көктайғақ, тұман жиі байқалады. Ауа температурасы түнде және күндіз -1…-10°, кей жерлерде -13° дейін төмендейді. Түнде -20…-28°, күндіз -15…-25°, солтүстігінде -30° дейін. Кей аймақтарда қар қалың түсіп, бұрқасын болады.

ШҚО, Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ, түнде кей аудандарда қатты қар күтіледі.

Оңтүстік өңірлерде қар аралас жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қалың қар, көктайғақ және қатты жауын-шашын күтіледі. Температура түнде -2…+3°, таулы өңірлерде -6…-11°, күндіз 0…+8°.

Батыс өңірлерде жауын-шашынсыз, бірақ тұман түседі. Түнде -1…-5°, күндіз -2…+3°. Ақтөбе облысында қар мен бұрқасын байқалады, аяз болады, -13…-23° дейін күшейеді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар