Қоғам
Ақмола облысында полиция инспекторын көлік қағып өлтірді
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 желтоқсан, 2025
- 455
Ақмола облысында полицейді көлік қағып кетті.
Ақмола облысында қызметтік міндетін орындау кезінде инспектор қаза тапты. Қазір марқұмның өлімі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиға 7 желтоқсан күні Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында болды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Camry жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерге қауіп туралы, жылдамдықты азайтуды және жолдың тарылуын ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын соғып кетті», – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаменті.
Департамент оқиға бойынша объективті тергеу жүргізілетінін хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Қазақстанда әскери қызметшілерге төленетін төлем ережелері өзгерді
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026
Қоғам
Жарқыраған Ақжан: Астанада туған ерекше жылқы несімен таңғалдырады?
- авторТомирис Тоныкөк
- 21 қазан, 2026




