Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бұл түсіне білгенге үлкен бақ!»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

«Бұл түсіне білгенге үлкен бақ!»: Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады
Сурет: twitter.com/trboxing/
Жәнібек Әлімханұлы өзін қолдаған жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Допинг дауына шалдыққан қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы көпшілікке алғысын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Боксшы желідегі парақшасында өзін қолдап жатқан жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Қолдап жатқан спортшы бауырларым мен жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын! Шетелдіктер дауға қуанып жатқанда, өз қазағым оларға қосылмай, жатқа жығып бермей, қасымнан табылып, таза екенімізге сенім білдіріп жатқаны жаныңа демеу болады екен», – дейді боксшы

Ол бокс карьерасында тек өзін қолдаушы жанкүйер жинай алғанына қуанды.

«Менің бір қуанатыным, бокс карьерамда жаман жанкүйер жинамаппын. Мен қазаққа болысатын, қазақ үшін жаны ауыратын, қазаққа жақтасатын жанкүйер жинаппын. Менің жанкүйерлерім тек көк туды желбіреткенде ғана қасымнан табылатын емес, қиындықта да қолдайтын жанкүйер екен. Бұл түсіне білгенге үлкен бақ!» – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Айта кетсек, WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күні WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда, жекпе-жек алдында спортшының допинг-тесті оң нәтиже көрсетіп, сынамасынан мельдоний табылды. Салдарынан жоспарлы жекпе-жек өтпейтін болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар