Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбе облысында автобус аударылып кетті: бес адам қаза тапты

Ақтөбе облысында автобус аударылып кетті: бес адам қаза тапты
Сурет: Ақтөбе облыстық ДП
Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматтары отырған автобус аударылып кетті.

Ақтөбе облысындағы тасжолда автобус аударылып, салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Автобуста Өзбекстанның 49 азаматы болған.

Жол апаты 7 желтоқсанда таңғы 8:40 шамасында "Самара-Шымкент" республикалық маңызы бар автожолдың 1024-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай бағыт алған автобус жүргізушісі Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында аударылып қалған.

Автобус салонында Пермь-Ташкент бағытында жолға шыққан Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

Жол апаты салдарынан бес жолаушы оқиға орнында көз жұмған, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтеке би аудандық ауруханасына жеткізілген.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған, жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар