Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Электронды темекіге таласқан»: Таразда қатарласын өлтірген оқушы сотталды

«Электронды темекіге таласқан»: Таразда қатарласын өлтірген оқушы сотталды
Сурет: видеодан скриншот
Таразда оқушылардың арасында жанжал шығып, біреуі қатарласының кеуде тұсына пышақ сұғып алған.

Темекі үшін тоғыз жыл арқалады. Таразда қатарласын пышақтап өлтірген мектеп оқушысы сотталды. Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған  9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қанды қылмыс 1 қыркүйек күні Тараздағы мөлтекауданда болған. Сот материалдарына сәйкес, екі оқушы электронды темекіге таласып жанжалдасқан. Сол сәтте күдікті қалтасынан пышақ шығарып, екінші баланың кеуде тұсынан ұрып жіберген. Қатты жарақат алып құлап түскен оқушы қаза болды. Ал айыпталушы қылмыс істеген жерден қашып кеткен. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін жеткізді. Сот оның кәмелетке толмағанын ескеріп, тоғыз жылға жаза кесті.

«ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлігі, 9-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот материалдық шығын өтемі ретінде сотталушының заңды өкілінен 8 млн теңге өндірді. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ», - дейді Жамбыл облысысотының ресми өкілі Сымбат Жұлдызбай.


 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар