Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Біраз тынығу үшін жатқан»: Алматыда 29 жастағы әйел босанғаннан кейін ауырып, перзентханада қайтыс болып кеткен

«Біраз тынығу үшін жатқан»: Алматыда 29 жастағы әйел босанғаннан кейін ауырып, перзентханада қайтыс болып кеткен
Сурет: Алина Савелидің желідегі парақшасынан/ Марқұм Кристина Илющенко
Алматыда перзентханадан шыққалы жатқан әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Алматыда перзентханадан шыққан әйел сол күні көз жұмды. Оның жүрегі тоқтап қалған. Бұл туралы марқұмның жақындары желіде жазып, оның өлімінің себебін анықтағысы келетінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алина Савели дің айтуынша, Кристина Илющенко Алматыдағы Басенова 2а перзентханасында кеуде сүті бітелуімен ауруханаға барған. Шығуға дайындалып жатқан кезде кенеттен жүрегі тоқтап қайтыс болады.

"Біздің отбасымызда үлкен қайғылы жағдай болды. 1996 жылы туған әпкем Кристина Александровна Илющенко 2025 жылдың 14 қарашасында босанды. Ол ақылы перзентхананы өте мұқият таңдады. Өйткені 29 жасында алғашқы босануы еді", – деп түсіндірді Алина Савели.

20 қарашада босанып үйге шыққан соң, 3 желтоқсанда кеуде сүті жолдарының бітелуі және кеуде қабынуымен перзентханаға қайта барған.

"Сүті тек оң жағындағы омыруын сүт шықпай қалды. Ал сол омырауы қалыпты істеп тұрды. Әпкем баласымен бірге ауруханаға жатқызылды. 9 желтоқсан күні таңертең оған ауруханадан шығуға рұқсат берілуге тиіс еді. Ол заттарын жинап, шығуға дайындалып, біраз тынығу үшін жатқан. Бір уақытта қорылдай бастаған. Жедел реанимация апарған, бірақ жүрегі тоқтағаны белгілі болды", – деді Алина Савели.

Марқұмның сіңлісінің айтуынша, оның ешуақытта жүрегі ауырмаған. Туыстары әлі сот-медициналық қорытындыны алмаған, сараптама нәтижесін күтіп отырғандарын жеткізді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар