Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Теміртауда үйдің иесі 56 жастағы әйелдің 1 млн теңгесін ұрлап алған

Теміртауда үйдің иесі 56 жастағы әйелдің 1 млн теңгесін ұрлап алған
Сурет: gorod.lv
Теміртау тұрғыны үйіне келген қонағының 1 млн теңгесін ұрлап алған.

Теміртауда 56 жастағы әйел таныстарының үйіне қонаққа барғаннан кейін қомақты қаржысынан айырылды. Банктегі шотынан шамамен 1 млн теңге заңсыз шешіліп алынғаны анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға бойынша полиция қызметкерлері жедел-тергеу іс-шараларын жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол – қонақты қабылдаған пәтердің 24 жастағы иесі.

Тергеу мәліметінше, мерекелік отырыс кезінде күдікті үстелде қараусыз қалған қонақтардың бірінің мобильді телефонын байқап, жағдайды өз пайдасына пайдаланған. Ол банк қосымшасы арқылы ақшаны өз шотына аударып алған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ұрлық бабы аясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды сақ болуға, әсіресе, бейтаныс ортада жеке заттарын қараусыз қалдырмауға үндеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар