Қоғам
Астанада тандырханада жарылыс болды: 4 қызметкер күйік алды (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:05
- 34
Астанада тандырханада жарылыс болып, қызметкерлер зардап шекті.
Астанада тандырханада жарылыс болды. Салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқыс Алматы ауданындағы М.Жұмабаев көшесінде болды. Қалалық ТЖД екі қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған бір қабатты тандырханада өрт шыққанын мәлімдейді.
Күйік алған 4 қызметкер ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы анықталуда.
«ТЖД бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонының газ-ауа қоспасынан жарылыс болып, нәтижесінде ғимарат жартылай қираған.
Құтқарушылар негізгі ғимаратқа өрттің таралуына жол бермей, жедел түрде 5 газ баллонын шығарды. Өрт сөндірушілердің үйлесімді және жылдам әрекеттерінің арқасында өрт толығымен сөндірілді», - делінген ТЖД хабарламасында.


