«Балаларды "тауарға" айналдыру»: депутат қазақстандық әйелдердің шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салуды ұсынды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 1
Депутат Гүлдара Нұрым Қазақстандағы суррогат ана болу мәселесін көтерді. Бұған қатысты елдегі заң тым "жұмсақ" екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Мәжіліс отырысында депутат елімізде суррогат аналарға қазақстандық азаматтар да, шетелдік азаматтар да тапсырыс бере алатынын айтады. Бірақ бұл баланың азаматтығы мен ата-ана құқықтарын анықтауға қатысты сот дауына әкеледі.
"Қазақстанды "репродуктивті туризм" үшін тартымды ететін нәрсе – салыстырмалы түрде "жұмсақ" заң. Себебі көршілес елдерде (Ресей, Қытай) және бірқатар дамыған елде (Германия, Франция) суррогат аналыққа толығымен тыйым салынған немесе қатаң шектеулер бар", - деді депутат Гүлдара Нұрым.
Депутат суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсету мәселесін қарастыруды ұсынды.
"Қаржылық қиындыққа байланысты жас әйелдердің СА бағдарламасына қатысуы жаңа туған нәрестеден ажыраумен байланысты теріс психологиялық дертке ұшырау қаупін тудырады. Ал қаржы ресурстарын тарту балаларды "тауарға" айналдыру қаупін тудырады, халықтың осал топтарын пайдалану адам саудасының жаңа түрі болып саналады", - деді депутат.



