Қоғам
«Көктайғақ, жауын-шашын»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:00
- 9
Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең циклон өз ықпалын сақтайды. Осыған байланысты қар, боран, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, таулы аймақтарда боран күтіледі. 18 желтоқсанға арналған болжам бойынша қарлы жауын-шашын күшейеді.
«Республиканың басым бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман болуы ықтимал», – делінген ауа райы болжамында.
Ауа температурасы да өзгеріске ұшырайды:
- Елдің батыс өңірлерінде түнде температура -3…-18°С-тан 0…-5°С-қа дейін көтеріледі, күндіз негізгі фон -5°С…+3°С болады.
- Солтүстік-батыс аймақтарда түнде температура -7…-23°С-тан 0…-15°С-қа дейін, күндіз -3…-15°С-тен -0…-5°С-қа дейін өзгереді.
- Солтүстік және орталық өңірлерде түнде -15…-23°С-тан -5…-15°С-қа дейін, күндіз -10…-18°С-тен -3…-8°С-қа дейін болады.
- Шығыс өңірлерде түнде -12…-28°С-тан -7…-20°С-қа дейін, күндіз -7…-18°С-тен -5…-15°С-қа дейін күтіледі.
- Елдің оңтүстігінде түнде -3…-20°С-тан -3…-12°С-қа дейін, күндіз негізгі фон -0…-8°С болады.
- Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз негізгі температуралық фон 0…-5°С, таулы аймақтарда -8…-13°С құрайды.



